×
489.06
536.21
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.06
536.21
5.05

НАРЫН ТОПЫРАҒЫНДА «ЕРДІҢ ІСІ – ЕЛ ЕСІНДЕ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін, 18:16
НАРЫН ТОПЫРАҒЫНДА «ЕРДІҢ ІСІ – ЕЛ ЕСІНДЕ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
«Ердің ісі - ел есінде» облыстық конференциясы

Бөкей ордасы ауданының дамуын мен өркендеуін сүбелі үлес қосқан, соғыс және еңбек ардагерлері К.Меңдәлиевтің 110 жылдығы және Р.Егізбаев, М.Насимуллин, Қ.Ғайсин, А.Құсайыновтың 100 жылдығына арналған тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.

Мазмұнды шараның шымылдығы аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың құттықтау сөзімен түрілді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков тізгінін ұстаған бұл шарада Қазақстан Журналисттер Одағының мүшесі, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі, М.Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі Ахмедияр Батырханов, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Нұрлан Сәдір, Жалпақтал архивінің директоры Миржан Қарабалин, аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры, өлкетанушы Жұбан Гумаров, Хан ордасы тарихи–мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығының ғылыми хатшысы Назымгүл Оразгелдиева, А.Құсайынов атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Айбек Бисеналиевтер мерейтой иелерінің өмірбаяны, ерлік пен еңбек жолы туралы баяндама жасады.

Бүгінгі конференцияға облыс орталығы мен көршілес аудандардан арнайы келген Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов, Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев бөкейліктердің қуанышына ортақтасып, тілектерін білдірді.