×
$
471.98
543.39
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
471.98
543.39
5.82

Грант конкурсына қашан құжат қабылданаты белгілі болды

17.06.2026, 17:27
Грант конкурсына қашан құжат қабылданаты белгілі болды
Фото: shutterstock

Ұлттық тестілеу орталығы білім гранттары конкурсына құжат қабылдау мерзімін жариялады.деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Грант конкурсына 13-20 шілде аралығында құжаттар қабылданады.

Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар: 

жеке куәлік;
ҰБТ сертификаты;
3х4 көлеміндегі фото;
орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом;
жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар;
B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» мамандығы үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.

Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына хабарласуға болады.