×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астана әуежайына автотұрақ бағасын көтеруге тыйым салынды

10.10.2024, 21:38
Астана әуежайына автотұрақ бағасын көтеруге тыйым салынды
Тенгриньюс

Монополияға қарсы орган елорданың әуе айлағына ескерту жасады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

ЕСКЕРТУ

– Тұрақ тарифтерін көтеру жоспары Қазақстанның заңнамасын бұзады, - деп хабарлады Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

4 қазанда Астана халықаралық әуежайы ақылы тұрақ аймақтарында тарифтердің өсетінін ескерткен. Жаңа бағалар 15 қазанда күшіне енуі керек еді.

ҚАНШАҒА ҚЫМБАТТАТПАҚ БОЛДЫ

Бұған дейін 15 қазаннан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ақылы автотұрақ қымбаттайтыны хабарланған еді. Әуежай мұны тұрақ аймағының, жабық паркингтің, әуежайдың экспресс желісі мен бірінші жолағының инфрақұрылымын жақсарту және жолаушыларға қызмет көрсетуді тиісті деңгейде ұстау үшін, сондай-ақ объектіні ұстауға жұмсалатын шығынның ұлғаюымен, 2024 жылға арналған коммуналдық қызмет тарифінің ұлғаюына және инфляцияның өсуіне байланысты деп түсіндірген. “15 қазаннан бастап қызмет көрсетуші Smart Parking Technologies компаниясының қосымшада көрсетілген бағаларға сәйкес тұрақ орнын жалға беру қызметі үшін тарифтік жоспар өзгеретінін хабарлаймыз” деген әуежай әкімшілігі таратқан ақпаратта.