Төтенге жағдайлар министрлігі кезекті өртті ауыздықтады. Бұл жолы қызыл жалын шаруашылық саланы шарпыған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Оқиға Қостанай облысында болған.
”Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Федоровка ауылында жалпы салмағы 600 тоннадан асатын 2000 бумада сақталған шөп маялары өртенді.
Құтқарушылардың жедел және үйлесімді жұмысының арқасында өрттің одан әрі үлкен аумақтарға таралуына жол берілмей, оны оқшаулауға мүмкіндік туды” делінген ТЖМ хабарламасында.
Көрші құрылыстар мен шаруашылықтарға өрттің таралуына жол берілмеген. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері анықталуда.
Бұған дейін Қостанай облысында дала өрті 10 мың гектарға өршіп кете жаздаған. Оқиға Алтынсарин ауданында Лихачевка ауылынан 10 шақырым қашықтықтағы ашық аумақта болған.
9 қарашада Қарағанды облысындағы бірнеше күн бойы жанған дала өрті сөндірілген.