×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодар облысында балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім қыздар табылды

Павлодар облысында балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім қыздар табылды
Фото: ашық дереккөз

12 қазанға қараған түні Павлодар облысы Шақат ауылының балалар үйінен қашып кеткен екі жасөспірімнің табылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

16 жасар Аида Бусурманова мен 14 жасар Снежана Бабидің жоғалып кетті туралы айтып, өңір полицейлері дабыл қаққан.

12 қазанда іздеу жұмыстарына таңертең жергілікті еріктілер ұйымы бірден кірісіп, әріптестіктегі бұл істің нәтижелі аяқталғанын мәлімдеді.

Шақат ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының кәмелетке толмаған тәрбиеленушілері табылды, – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі де Instagram-дағы парақшасында.

Қыздардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбегені белгілі, ал аталған оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

Бұған дейін бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен павлодарлық өлі табылғанын жазған болатынбыз.