×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Трамп Таяу Шығыстағы «хаосты тоқтатуға» уәде етеді

14.10.2024, 08:15
Трамп Таяу Шығыстағы «хаосты тоқтатуға» уәде етеді
Getty Images

Республикалық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты шешуге және алдағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда "Таяу Шығыстағы хаосты тоқтатуға" дайын екенін тағы да мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Трамп бұл уәделерді консервативті RSBN медиа компаниясы таратқан Калифорниядағы өз жақтастарының митингісінде айтты.

Ол сонымен қатар дүниежүзілік соғыс қаупіне қатысты үлкен алаңдаушылық білдіріп, АҚШ-тың қазіргі билік органдарының саясатына байланысты алдағы бірнеше айдағы жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін деп мәлімдеді.

– Мен келесі үш-төрт айды ойлап, қатты алаңдаймын. Біз [Үкіметтегі] кейбір адамдар үшін дүниежүзілік соғыспен бетпе-бет келуіміз мүмкін, – деді ол өз сөзінде.

Трамп бұл мәлімдемелерді бірінші рет жасаған жоқ. Егер ол президент болса, халықаралық қақтығыстарды реттей алатынын, әлемдік саяси жағдайды тұрақтандыратынын айтып, өз жақтастарына бірнеше рет уәде берді.