×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Үйден өрт шыққанда не істеу керек – ТЖМ кеңес берді

Үйден өрт шыққанда не істеу керек – ТЖМ кеңес берді
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі үйде өрт шыққан жағдайда не істеу керектігін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрлік ұсынған үйде өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі төмендегідей:

  • Газ беру кранын жабыңыз, электр қуатын өшіріңіз;
  • Өрттің дамуының бастапқы кезеңінде сіз оны барлық өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер, төсек жапқыштары, құм, су және т.б.) пайдаланып сөндіруге тырысыңыз;
  • Ауа ағыны мен өрттің таралуын болдырмау үшін үйіңіздегі барлық есіктерді жабыңыз;
  • Үйден шығыңыз, осы жағдайда ең қауіпсіз жолмен жүріңіз;
  • Егер түтін сіздің үйіңізге еніп кеткен болса, еденге жақын болыңыз: ол жерде әрқашан таза ауа болады.
  • Аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл орамалмен немесе сүлгімен жабыңыз;
  • Өрт сөндірушілердің рұқсатынсыз үйге оралмаңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Еске салсақ, өткен аптада Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 5 бала қаза тапқан болатын.