×
488.11
530.09
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.11
530.09
5.01

Кредиті бар инженер екен – Аймағамбетов бір таксистпен не жайлы сөйлескенін айтып берді

14.10.2024, 10:48
Кредиті бар инженер екен – Аймағамбетов бір таксистпен не жайлы сөйлескенін айтып берді
kursiv.media

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов еңбек нарығындағы кадрлар мәселесі талқыланған жиынды таксистпен болған әңгімемен бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЙМАҒАМБЕТОВ НЕ ДЕЙДІ

– Жуырда таксиде келе жатып, әдеттегідей жүргізушімен әңгімелесіп кеттік. Оның аты Сержан екен. Өте ақкөңіл адам. Мұның алдында инженер-гидролог болып жұмыс істепті. Ол үлкен мақтаныш. Терең білімімен су ресурстарын басқару туралы майын тамызып, әңгімені бастап кеттік. Бір уақытта менің сұрақ қоятынымды түсінді ме, тоқтап, кішігірім өкінішпен “енді түсінесіз ғой, өз отбасым бар, мойнымда несиелерім бар, сондықтан өз мамандығым – гидрологияны қатты жақсы көрсем де, оның жалақысымен алысқа бара алмайсың” деп, ақталуға тырысты. Бұл оқиға бір адамның ғана басынан өткен жағдай емес. Ол біздегі еңбек нарығындағы түйткілді мәселелердің көрінісі деп айтар едім, – дейді ол.

Депутаттың пікірінше, талай депутат сондай адамдармен кездескен. Бір мысалды анық айтып бере алады.

– Неге бізде өз саласының білікті мамандары өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмай жүр. Еңбек нарығындағы дисбаланстың себебі неде? Неге мамандар жеткіліксіз?  Тағы бір ақпарат: біз маман жетіспейді дейміз, бірақ жағдай осылай. Мысалы, гидроминерация мамандығына бөлінген гранттарға бірде-бір адам өтініш білірмеген. Конкурс 0 адамды құрады. Көлік құрылыстары бойынша бөлінген 300 грант жарияланғанымен, 29 адам ғана қабылданды. Бір грантқа 0,1 адамнан келіп отыр. Бұл мысалдар кадр мәселесінің күрделі екенін көрсетеді. Яғни, проблема тек грант санында немесе оның дұрыс бөлінбеуінде емес, тіпті оларды дайныдайтын колледждер мен университеттердің болмауында емес екеніне бәріне аян, – дейді ол.

ЖАҚЫПОВАНЫҢ СӨЗІ

Жиынға қатысып отырған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек нарығында формалды емес жұмыспен қамтудың деңгейі жоғары екенін мойындайды. Оның сөзінше, 2023 жылы нақты зейнетақы аударымдарының деректері бойынша есептелген еңбекақы төлеу қорының көлемі 20 трлн теңгені құраған. Өз кезегінде, Ұлттық статистика бюросының бағалауы бойынша еңбекақы төлеу қоры екі есеге жуық – 38 трлн теңге. Еңбекақы қоры бойынша деректердің едәуір алшақтығы сауда, ауыл шаруашылығы және жылжымайтын мүлік секторларында байқалады.

– Біздің министрліктің ай сайынғы дерекқор мониторингі ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналастырылған әрбір төртінші адамның міндетті зейнетақы жарналары жоқ екенін көрсетіп отыр. Платформалық жұмыспен қамтуды кеңейту мәселесі бар. Бұл экономиканы цифрландыру арқылы пайда болған әлемдік тренд. Кейбір елдерде платформалық жұмыспен қамтудың үлесі қазірдің өзінде 10 пайыздан асады. Қазақстан үшін бұл – қызметке кіру кедергісі аз, икемді жұмыс кестесі және басқа жұмыстарды қоса атқару мүмкіндігі бар еңбек қатынастарының салыстырмалы жаңа түрі. Белгілі себептерге байланысты платформалық жұмыспен қамту қызмет көрсету саласында жиі кездеседі, – дейді ол.

Жақыпова өнеркәсіп және құрылыс сияқты салаларда да платформалық жұмыскерлердің өсу перспективасы барын айтады.