×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Енді қазақ тілі мен тарихын білетіндер ғана Қазақстан азаматтығын ала алады

Енді қазақ тілі мен тарихын білетіндер ғана Қазақстан азаматтығын ала алады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білуге қойылатын талаптар белгіленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҰЙРЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Ғылым және жоғары білім министрі тиісті бұйрыққа қол қойды.

Мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде білу көлемі кемінде 36 (отыз алты) балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері кемінде 9 (тоғыз) балл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру кезінде Қазақстан тарихы кемінде 15 (он бес) балл болып бекітілсін, - делінген құжатта.

ҚАШАННАН БАСТАП ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Бұйрықтың орындалуын бақылау Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелген.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

ДЕСЕ ДЕ

Ресей, Беларусь және Қырғызстанның кей азаматтарына ҚР азаматтығы жеңілдетілген тәртіппен беріледі. Оларға жоғарыдағы талап қолданылмайды. Жоғарыда аталған елдердің әрқайсысы басқа елдің аумағына тұруға келетін өз азаматтарына мынадай шарттардың бірі болған жағдайда азаматтықты алудың жеңілдетілген (тіркеу тәртібін) тәртібін ұсынуға міндеттенеді:

  • егер өтініш беруші Белорус СОР, Қырғыз СОР, РСФОР азаматы болып, бір уақытта бұрынғы КСРО азаматтығында болса, 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін азаматтық алатын екінші Тараптың аумағында туса немесе заңды негізде тұрақты тұрып жатса;
  • егер өтініш берушінің бірінде азаматтық алатын Тараптардың аумағында заңды негізде тұрақты тұрып жатқан және оның жақын туыстары: ері (зайыбы), ата-анасының, (бала асырап алушыларының) бірі, апасы-қарындасы, ағасы-інісі, атасы немесе әжесі, немересі (немере қызы) бар болса.

Жеңілдетілген тәртіп Қазақстан аумағында тұру мерзіміне қарамастан аталған мемлекеттердің азаматтарына қолданылады.

Сондай-ақ азаматтық алуда мемлекеттік тіл емтиханын балалар, этникалық қазақтар тапсырмайды.

Еске салсақ, Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алу үшін үміткерлердің мемлекеттік тілді, ҚР Конституциясының негіздерін, Қазақстан тарихын білу деңгейін анықтайтын емтиханды әзірлеу және бекіту үшін 18 миллион теңге жұмсайтынын жазған болатынбыз.