×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Заңсыз жүргендерді үйге қайтарыңдар»: Корея билігі Қазақстанға талап қойып жатыр

14.10.2024, 14:51
«Заңсыз жүргендерді үйге қайтарыңдар»: Корея билігі Қазақстанға талап қойып жатыр
Ulysmedia коллажы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Оңтүстік Корея тарапы заңсыз жүрген қазақстандықтар жайлы тың мәліметтерді бөлісті. Оның айтуынша, аталған елдің билігі Қазақстанға үш талап қойып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КОРЕЯ БІЗГЕ ҮШ ТАЛАП ҚОЙЫП ОТЫР

– Кореяның мемлекеттік органдары біз даярлаған келісімшартқа келісімін берді. Қазір ол келісімшарт Оңтүстік Кореяға, Сыртқы істер министрлігі арнасымен жіберілді. Қазір сол жақта қарастырылып жатыр. Жазда Оңтүстік Корея президенті келген кезде екі елдің еңбек министрі меморандумға қол қойдық. Сол меморандумға сәйкес, өзара құжат алмасып жатырмыз, – дейді ол.

Қазақстанның еңбек вице-министрі Ертаев Оңтүстік Корея барып келген. Оңтүстік Корея тарапы Қазақстанға үш талап қойып отыр. Біріншісі – Кореядағы елшілікте атташе лауазымын енгізу. Екінші талабы – 15 мыңға жуық Қазақстан азаматы сол елде заңсыз жүр. Сол азаматтарды “елдеріңе шақырыңдар” деп талап қойып отыр. Үшінші талабы – халықаралық сертификат. Қазақстандықтар Корея Республикасына жұмыс істеуге барарда олар сертификация рәсімдерінен өтуі керек.

– Біз үш өңірде жаңа орталықтарды дайындап қойдық. Алматыда ол кісілер өздері келіп, қарап кетті. Айта кету керек, біз барлық талапты орындадық. Енді қазір күту ғана қалды, – дейді ол.

ҚАЗАҚСТАН БИЛІГІ АЗАМАТТАРЫН ҚАЛАЙ ҚАЙТАРАДЫ

“Заңсыз жүрген 15 мың қазақстандықты қалай қайтарасыздар?” деген сұраққа Жақыпова Ішкі істер министрлігінің сұрағы дейді.

– Ешқандай әкімшілік, құқықтық міндеттемелер қойылмайды. Егер олар қазір келіп, әуежайдан билет сатып алып, келсе әрине! Егер олар бір мерзімде келмей, қалып қойса, сол жерде құқықтық міндеттемелер туындайды. Оларға қандай жаза берілетінін қазір мен айта алмаймын, менде ақпарат жоқ, – дейді ол.

ҚАЗАҚТАР КОРЕЯДА ҚАШАН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙ АЛАДЫ

– Жоспар бойынша жыл аяғына дейін жұмысты бітіруіміз керек. Біз бір жыл бойы осы жұмыспен айналыстық. Орталықтарды біз Павлодар, Өскемен, Түркістан қалаларында аштық. Корея тарапы оларды барып қарап келді. Орталықтар тек Кореядан тікелей ұшақтар келіп тоқтайтын жерде болсын деп талап қойды. Сондықтан біз Алматыға тоқтадық. Тест орталығы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, – дейді Жақыпова.

КОРЕЯДА ЗАҢДЫ ТҮРДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ

Бұған дейін Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Қазақстан азаматтары заңды түрде Оңтүстік Кореяға барып, үш жыл жұмыс істей алатынын айтқан еді. Ертаевтың сөзінше, Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге рұқсат беру жүйесі енгізу бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр. Осы айдан бастап қазақстандықтарды аталған елге жіберуге арналған Сапар орталығын ашу жұмыстары басталған. Орталықтың негізгі міндеті – Оңтүстік Кореяда жұмысқа орналасқысы келетін үміткерлерге тілдік курстарды оқыту, корей тілінің тестілеуі, біліктілігін арттыру. Осы Сапар орталығы арқылы Қазақстан азаматтары үш жылға дейін жұмыс істейді.