Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында бір топ адам жүк көліктерін заңсыз бастапқы тіркеу жүргінгенін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
ХҚКО қызметкерлері көліктердің бастапқы тіркеу алымы мен утилизациялық алымды төлеуден босату мақсатында интеграцияланған ақпараттық жүйеге жүк көлік құралдарының VIN-кодтары бойынша көрінеу жалған деректерді енгізген.
Осылайша, олар 33 жүк көлігін заңсыз бастапқы тіркеуден өткізген. Осының салдарынан жергілікті бюджетке 315 млн теңгеден астам сомаға төлемдер түспеген.
КҮДІКТІЛЕР
Күдікті ретінде мамандандырылған ХҚКО-ның бұрынғы басшысы және ХҚКО басшысының орынбасары ұсталған. Сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.
Күдіктілердің мүлкіне 42 млн теңге көлемінде тыйым салынды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бұған дейін агенттік биыл Ақмола, Қостанай, Алматы, Павлодар облыстарында алымдарды төлемей жалған төлем құжаттары бойынша көлік құралдарын жаппай бастапқы тіркеу фактілерін анықтаған.