×
489.36
533.45
4.99
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.36
533.45
4.99

Жамбыл облысында екі әскери қызметшінің үстінен іс қозғалды

Жамбыл облысында екі әскери қызметшінің үстінен іс қозғалды
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында бөлім командирінің бұйрығын бұзғаны үшін екі әскери қызметшінің үстінен әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БӨЛІМГЕ ТЕЛЕФОН АЛЫП КЕЛГЕН

Тамыз айында екі әскери қызметші Жуалы ауданындағы әскери бөлімге аудио және бейнежазбасы бар және интернетке кіру мүмкіндігі бар ұялы телефон алып келген. Олар өз әрекеттерімен бөлім командирінің бұйрығын бұзды.

Осы үшін екеуі де сотқа тартылды.

СОТ МӘЛІМДЕМЕСІ

Әскери қызметшілер өз кінәсін мойындап, туыстарымен және достарымен сөйлескілері келетінін айтты. ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігінің санкциясы 25 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді, – деп түсіндірді сотта.

Нәтижесінде екеуі де бір тәулікке қамауға алынды.

Айта кетейік, бұған дейін бір күнде екі әскери қызметкер көз жұмғанын жазған едік.