×
488.11
530.09
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.11
530.09
5.01

Бір күнде екі сарбаз көз жұмды. Тағы бір әскери өзін-өзі атып тастады

14.10.2024, 17:26
Бір күнде екі сарбаз көз жұмды. Тағы бір әскери өзін-өзі атып тастады
ашық дереккөз

ҚР армиясындағы тағы бір суицид – Приозерск гарнизонының әскери қызметшісі өзін-өзі өлтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАҒЫ ДА СУИЦИД

Қарағанды облысының әскери бөлімдердің біріндегі қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желілерде жазылды. Онда ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты 06708 әскери бөлім сарбазының өзін-өзі атып тастағаны туралы айтылған.

Қорғаныс министрлігі бұл деректі растады.

Қызметке кіріскеніне екі-ақ апта болған қатардағы жауынгердің өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.

ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ

14 қазанда Приозерск гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді басшы бекітілген қарудан басына оқ атты. Іс әскери қызметіне қатысы жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық іс қозғалды, мән-жайлар анықталуда, – деп хабарлады ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

Ведомство сарбаздың туыстары мен жақындарына қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

Естеріңізде болса, бүгін ғана Шахтинскте бір сарбаздың қаза болғаны туралы хабарлағанбыз.

АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ

Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Қорғаныс министрінің орынбасары – генерал-майор Бақытбек Сыдықов қарулы күштерде соңғы төрт жылда 40 әскери қызметкер өзіне қол салғанын хабарлаған. Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болғанын айтқан.

ӘСКЕРДЕГІ БУЛЛИНГ

Әскери саланы зерттеп жүрген журналист Амангелді Құрмет әскердегі, қала берді қоғамдағы буллинг қоғамның мәдени, құқықтық санасының көрінісі десе, әлеуметтік теория зерттеушісі Ғалым Жүсіпбек бүгінгі қазақ қоғамындағы зорлық, әлімжеттік, адам тұлғасын қастерлемеу сынды теріс әрекеттердің себебі тоталитар жүйемен тығыз байланысты екенін айтады.