×
491.71
529.97
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.71
529.97
5.05

Доллар 600 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін бе – екі министрдің жауабы

15.10.2024, 13:07
Доллар 600 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін бе – екі министрдің жауабы
Ulysmedia коллажы

Доллар кейбір экономистер айтқандай 600 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін бе? Үкіметтің қаржы және экономикасына жауапты шенеуніктер – вице-премьер – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен қаржы министрі Мәди Тәкиевке осы сұрақ қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАЙБАЗАРОВ НЕ ДЕЙДІ

– Үкіметте экономиканың көрсеткіштерін болжамдап жоспарлаған кезде біз орташа бағамды белгілеген болатынбыз. Бюджетті құрып, кірістерді санауға байланысты. Биылғы жоспарлаған, бекітілген доллардың жылдық бағамы – 460 теңге. Қазір біз бұл болжамды өзгерткен жоқпыз. Жалпы жылдың динамикасын алып қарасақ, орташа есеппен 460 теңгеге жақындап қалдық. Бұл өте маңызды. Осы орташа деңгейде болып жатқан бағамның қозғалыс динамикасын қарасақ, қазір сол 460 теңгеге шығып отырмыз. Сондықтан, біздің болжам жылдың аяғына дейін өзгермейді, – дейді Байбазаров.

Оның айтуынша, Тимур Мұратұлы кеше Ұлттық банк басшысы ретінде бұл бағыттағы пікірін айтқан.

– Доллар бағамы нарықта белгіленеді. Сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасына байланысты. Сондықтан қазіргі айтылған жоспар бойынша жылдың аяғына дейін Ұлттық қордан қалған трансферттер келеді. Оның бәрі әрине, осы бағамның шарықтап кетпеуіне оң әсерін тигізеді, – дейді ол.

Мәди Тәкиев бұл мәселеге пікір білдірмеді. Байбазаровқа “қосыламын” деп қысқа қайырды.

 ДОЛЛАР БАҒАМЫ

Ұлттық банктің 15 қазанға арналған ресми бағамы – 1 долларға 484,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,03 теңге. Еуро – 528,79.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 487,6 теңге. Еуро 530-535 теңге аралығында құбылып тұр. Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 483 теңге, сатып алу құны – 488 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 535 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,00-5,11 аралығында саудаланып жатыр.