Тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов Қазақ радиосының Алтын қорынан Сәкен Сейфуллиннің орындалмай жүрген екі күйі бар радиожазбаны тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
1964 жылы республикада Сәкен Сейфуллиннің 70 жылдығы тойланып, қобызшы Дәулет Мықтыбаев Қазақ радиосына келіп, қобызда 1920 жылдары Сәкен Сейфуллиннен үйреніп алған Сейфуллиннің “Сарыарқа” және “Әупілдек” атты 2 күйін орындады, – деп келтіреді 24.kz телеарнасы Әбсеметовтің сөзін.
Сондай-ақ ақынның аспаптық пьесалар да жазғаны туралы жаңалығы сол кезде мұрағат құжаттары арасында жоғалып кеткені айтылады.
Әзірге Сәкен Сейфуллиннің 2 күйі ғана табылды. Алайда олардың саны көп болған, – деген сенімде қазақ ағартушысының шығармашылығын зерттеушілер мен оның жақындары.
Еске салсақ, кеше ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толды.