×
487.42
531.39
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.42
531.39
5.04

Иран өзінде ядролық қарудан да қуатты қару бар екенін мәлімдеді

17.10.2024, 00:10
Иран өзінде ядролық қарудан да қуатты қару бар екенін мәлімдеді
Ашық дереккөзден

Бұны Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының бұрынғы хатшысы Эбрахим Ростами айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының қару-жарақ пен дамуға жауапты комиссиясының бұрынғы хатшысы, бригадалық генерал Эбрахим Ростами “Iran Watch”-қа берген сұхбатында айтты.

«Бізде ядролық бомбалардан да күшті қару бар. Біз еліміздің мүмкіндіктері мен әлеуетін 100 пайыз пайдаланамыз, сондықтан бүгін біз шексіз күшке иеміз», — деді Ростами.

Иранның қорғаныс доктринасы, елдің Жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи шығарған бәтуаға сәйкес, ядролық қару жасауға тыйым салынған, өйткені оның өндірісі ислам қағидаттарына қайшы деп саналады.

БҰҒАН ДЕЙІН

Иран депутаттары Ислам Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жоғарғы кеңесіне елдің ұлттық қорғаныс доктринасын қайта қарауды және ядролық қару жасауды рұқсат етуді сұрап, өтініш жасады. Бұл өтініштің себебі Израильдің Иранның ядролық және мұнай нысандарына шабуыл жасау қаупі.

Қазан айының басында Иран Израильге жаппай зымырандық соққы жасады, бұл шабуыл Израильдің Ливандағы проирандық топтардың басшылығына жасаған соққысына жауап болды. Иранның шабуылдары әскери және барлау нысандарына бағытталған.