×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Бізде тізімі бар»: спорт вице-министрі жат діни ағымдағы спортшылар барын мойындады

17.10.2024, 10:19
«Бізде тізімі бар»: спорт вице-министрі жат діни ағымдағы спортшылар барын мойындады
Сұлтан Жексенбеков / Kazinform

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтың айтуынша, мәжіліс қарауында жатқан Спорт туралы заң жобасына терроризм мен эктремизмге қарсы нормалар енгізілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ОНЫ БІЛЕМІЗ”

Аталған мәселе мәжілісте спорт мәселесі талқыланған кезде көтерілді. Депутат Жигули Дайрабаев кейбір спортшылардың сақалының өсіп кеткенін сынға алған. Ол дінге берілсе, «олар мешітке барып намаз оқысын» деп те өткір айтты.

Оның бұл сынына Серік Жарасбаев жауап берді.

«Қазіргі таңда көптеген спорт түрлерінде өзіңіз айтып отырғандай, діннің қате ағымына кетіп қалған спортшыларымыз бар, өкінішке қарай. Оны білеміз, тізімі бар. Спорт туралы заң жобасына терроризм мен эктремизмге қарсы нормаларды енгізіп отырмыз. Оны депутаттар қолдады», – деді Жарасбаев.

БАС МҮФТИДІҢ АЙТҚАНЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұған дейін Атырауда өткен ғылыми конференцияда қазақтың дәстүрін жоққа шығарып, ел ішіне ылаң салып жүргендер бар екенін айтқан еді. Оның сөзінше, экстремизмнің алдын алу үшін ұлттық салт-дәстүрді, дұрыс шариғатты дәріптеу қажет. “Дәстүр дегеніміз – елімізде қалыптасқан діни тәжірибелер тізбегі және біздің өмір сүру салтымыз. Бүгінде қазақтың дәстүрін жоққа шығарып, ел ішіне ылаң салып жүргендер жоқ емес” дейді ол. "Қазақ дінсіз болған" деген сынды шала түсініктегілер елімізді Ислам дініне енді тәй-тәй басқан баладай көрсеткісі келетінін атап өтеді. Наурызбай Тағанұлының айтуынша, жат ағымдардың қаражат табу, билікке бару сынды көздеген мақсаттары болады.

Қоғам белсендісі, баспагер Шыңғыс Мұқан "сақал қойған" спортшыларды сынап, қоғамға үндеу тастаған болатын. "Публикаға алып шығатын адамдардың, елдің атынан жарысқа қатысатындардың жүріс-тұрысы мен үсті-басына мән бергені жөн" деп жазады ол.