×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Жалғас Жұмағұлов өзін Боратпен салыстырған Капемен айқасады

04.12.2021, 18:58
Фото: скрин

Қазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-5) ертең, 5 желтоқсан UFC алаңындағы өзінің төртінші кездесуін өткізеді деп хабарлайды Ulysmedia.

Оның қарсыласы анголалық спортшы Манел Кап (16-6) болып отыр. Олар бүгін, айқас алдында бір-бірінің көзіне тіке қарауға шықты.

Жеңіл салмақтағы кездесу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 8.00-де АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Жекпе-жекті тікелей эфирде UFC телеарнасынан көруге болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Манел Кап Жалғасқа тиісіп бақты. Біресе Боратпен салыстырса, келесі жолы тұтас қазақтарды тізе бүктіремін деді. Мұндай тіл тигізулерге қазақ күрзі жұдырық иесі оның қолын алмайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары