Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай бразилиялық Бруно Лопесті жеңгеннен кейін UFC бонусына ие болды. Жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтағаны үшін оған 25 мың доллар, яғни шамамен 11,6 миллион теңге төленеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатында өткен UFC Fight Night 284 турнирінде өтті.
Раунд аяқталуына бір секунд қалғанда жеңді
Жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Кейін Нұрғожай сәтті шабуыл жасап, төреші кездесуді тоқтатты.
Бірінші раундтың аяқталуына небәрі бір секунд қалған еді.
Бұл Нұрғожайдың UFC-дегі екінші жеңісі және ұйымдағы алғашқы мерзімінен бұрын аяқталған жеңісі болды.
Осы өнері үшін UFC қазақстандық спортшыға қосымша 25 мың доллар сыйақы беруге шешім қабылдады.
Басқа қазақстандықтар қандай бонус алған?
Бұған дейін Қазақстанның басқа өкілдері де мұндай сыйақы алған.
Николай Веретенников америкалық Нико Прайсты бірінші раундта нокаутпен жеңгеннен кейін 25 мың доллар алған.
Ал Асу Алмабаев бұдан да ірі бонусқа ие болды. Ол Бакуде өткен UFC Fight Night 280 турнирінде Чарльз Джонсонды мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін 100 мың доллар сыйақы алған. Ол кезде бұл шамамен 48 миллион теңге болған.