×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

Павлодарда жанармай құю стансасы өртенді

Павлодарда жанармай құю стансасы өртенді
Фото: видеодан скрин

ТЖМ мәліметінше, Павлодарда жанармай құю стансасында өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ құтқарушылары ЖҚС жарылысының алдын алған. 

Павлодардың шығыс өнеркәсіптік аймағында жанармай құю станциясының аумағында сыйымдылығы 3 текше метр жерасты газгольдері жанып, кейін от автожуу ғимаратына ауысқан, - делінген хабарламада.

Өрт 41,5 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Еске салсақ, кеше Алматыда «Престиж-Алатау» көпқабатты тұрғын үй кешенінде пәтер өртенді.