×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Прокурордың 20 мың теңгесін ұрлаған: Атырауда блогер сотталды

Прокурордың 20 мың теңгесін ұрлаған: Атырауда блогер сотталды
Фото: ашық дереккөз

Атырау қаласының №2 сотында қорқытып алу және ұрлық жасағаны үшін айыпталған блогерге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

39 824 ТЕҢГЕГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК АЛҒАН

Соттың мәліметінше, жергілікті блогер супермаркеттің сөрелерінен жарамдылық мерзімі өткен тауарларды тауып, кейін супермаркет қызметкерінен полицияға шағымданатынын айтып қорқытып, 2 млн теңге талап еткен.

Полиция келген соң блогер жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді сату және тауарларда мемлекеттік тілде мәліметтердің болмауы туралы арыз жазған. Мұнымен тоқтамаған блогер арызын қайтарып алу үшін 39 824 теңгеге азық-түлік алған.

Бірнеше күннен кейін блогер сот процесіне қатысқан әріптесін қолдау мақсатында Атырау қаласының №2 сотына келіп, прокурорларға арналған бөлмедегі ішінде қызметтік киім тұрған шкафты ашып, прокурорлардың бірінің қалтасынан 20 мың теңгені ұрлаған.

СОТ ҮКІМІ

Сотталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды сұраған.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен және тергеу әрекеттерінің бейнежазбаларымен өз дәлелін тапты. Сот үкімімен блогер  кінәлі деп танылып, оған негізінде 3 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – делінген сот хабарламасында. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, белгілі блогер Super mamasita АҚШ әуежайында жанжал шығарған болатын.