×
485.04
525.98
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.04
525.98
5.04

Үш бала эвакуацияланды: Қарағанды облысында өрт болды

Үш бала эвакуацияланды: Қарағанды облысында өрт болды
Фото: видеодан скрин

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Қарағанды облысында өрт кезінде үш адамды эвакуациялап, оқиға орнынан үш газ баллонын шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін, 20 қазанда таңертең Саран қаласы Цимлянская көшесі бойындағы үй ауласында шаруашылық құрылысы пен дуал өртенді.

ТЖМ күшімен үйден үш бала эвакуацияланды. Оқиға орнынан көлемі 27 литр болатын 3 газ баллоны шығарылды.

Өрт толығымен 40 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. ТЖМ барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады! – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Еске сала кетейік, кеше Ақтау қаласының 29А шағын ауданында жауапкершілігі шектеулі серіктестердің бірінің аумағында дәнекерлеу аппараттарын сақтауға арналған бір қабатты ангар жанып кеткен болатын.