×
486.47
554.77
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.47
554.77
6.26

Отқа оранған «Славян» мұнай өңдеу зауыты туралы не білеміз?

Бүгін, 10:06
Отқа оранған «Славян» мұнай өңдеу зауыты туралы не білеміз?
Фото:depositphotos.com

Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Славян мұнай өңдеу зауытына жасалған шабуылдан кейін кәсіпорын аумағында өрт шықты. Бұл туралы өңір губернаторы Вениамин Кондратьев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

«ҚазСервис»  компаниясы сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайларда шабуыл емес, оның өндірістік салдары қиын. Тіпті жергілікті өрттің өзі технологиялық қондырғылардың жұмысын уақытша тоқтатуға себеп болуы мүмкін.

Мұндай оқиғалардан кейін әдетте жабдықтарға техникалық диагностика жүргізіліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы жасалады және жөндеу жұмыстары қолға алынады. Егер бастапқы немесе екінші мұнай өңдеу қондырғылары зақымданса, оларды қалпына келтіру бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылуы ықтимал.

Бұл өз кезегінде мұнай сервистік компанияларға, жөндеу мердігерлеріне, жабдық жеткізушілеріне және инженерлік қызмет көрсететін кәсіпорындарға сұранысты арттыруы мүмкін.

Оның айтуынша, шабуыл салдарынан электр жеткізу желісі мен газ құбыры да зақымданған. Ресей билігінің мәліметінше, өртке ұшқышсыз ұшу аппараттарының сынықтарының құлауы себеп болған. Сонымен қатар, тұрғын үйлердің бүлінгені және сынықтар түскен аумақта бір адамның қаза тапқаны хабарланды.

Әлеуметтік желілерде зауыт үстін қалың түтін басқан сәттің видеолары тарады. Сондай-ақ спутниктік бақылау сервистері кәсіпорын аумағында өрт белгілерін тіркеген.

Неліктен бұл зауыт маңызды?

Славян мұнай өңдеу зауыты «Славянск ЭКО» компаниясына тиесілі. Кәсіпорын жылына шамамен 5,2 миллион тонна мұнай өңдейді және Ресейдің оңтүстігіндегі ең ірі жекеменшік мұнай өңдеу зауыттарының бірі саналады.

Зауыт бензин, дизель отыны, мазут, битум және басқа да мұнай өнімдерін шығарады. Сонымен қатар, Оңтүстік федералдық округтегі мұнай өңдеу көлемінің шамамен 9 пайызын қамтамасыз етеді.

Бұл кәсіпорын алғаш рет шабуылға ұшырап отырған жоқ. 2024–2026 жылдары оған бірнеше мәрте дрондармен шабуыл жасалған.

Ярославль облысындағы жағдай

Украина президенті Владимир Зеленский соққы Ярославль облысындағы мұнай өңдеу зауытына да жасалғанын мәлімдеді. Аталған нысан Украина шекарасынан шамамен 700 шақырым қашықтықта орналасқан.

Алайда Ресей билігі бұл кәсіпорында өрт немесе зақым туралы ақпарат таратқан жоқ. Өңір басшылығы тек ұшқышсыз ұшу аппараттарының қаупі жарияланып, қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілгенін хабарлады.