×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

«Спутник V» алғандар қажылыққа бара алады

05.12.2021, 17:37
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Сауд Арабиясы «Спутник V» вакцинасын салғандарға 2022 жылдың 1 қаңтарынан қажылық жасауға кіруге рұқсат етті деп хабарлайды Ulysmedia.

Осылайша, ел билігінің шешімімен, ресейлік екпені қабылдағандар Мекке және Мәдина қалаларын зиярат етіп, ондағы қасиетті орындарда құлшылық рәсімдерін орындай алмақ. Бұл ретте, мұсылман қауымға, жаңа жылдан бастап үлкен қажылық пен умраға сапар шегуге жол ашылмақ.

«Нәтижесінде Сауд Арабиясы ресейлік вакцина еккендерге өздерінің аумағына енуге мүмкіндік берген 102-ші мемлекет болып отыр», – делінген Ресей тікелей инвестициялар қорының баспасөз мәліметіне сілтеме жасалған ақпаратта.

Атап өтерлік жайт, аталған елге келгендер 48 сағат карантинде отырып, коронавирустан ПТР-тест тапсыруы керек.

Серіктес жаңалықтары