×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Дегенімізге жеттік! Нартай Аралбай легионерлерді шектеуге қатысты қуанышты жаңалығын бөлісті

20.10.2024, 18:54
Дегенімізге жеттік! Нартай Аралбай легионерлерді шектеуге қатысты қуанышты жаңалығын бөлісті
Ашық дереккөзден

Легионерлерге ақша төлеуге жол бермейтін заңдық норманы Үкімет қолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

Оның айтуынша, адам естімеген спорт түрлеріне ақша беріп келген министрліктің шешімі де тоқтатылған. 180 спорт түрі қысқартылады! Тиісті норманы Үкімет қолдаған.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 49-бабының 1-бөлігі: «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражаты есебінен  қаржыландыруды жүзеге асыруға тыйым салынады»;

2-бөлігі: «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын спортшыларды квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді» деп жазылды.

49-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерінің 6-тармағы мынадай мазмұнда жазылады: «Бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жоғары жетістіктер спорты, оның ішінде спорттың басым түрлері;
2) мемлекеттік спорт ұйымдарының жұмыс істеуі;
3) бұқаралық спорт;
4) спорттық инфрақұрылымды дамыту», деп жазды депутат Н.Аралбайұлы.

Еске сала кетсек, мәжіліс депутаты бұған дейін легионер спортшыларға төленетін қисапсыз қазына қаражаты және олардың көңіл көншітпейтін жетістіктері туралы бірнеше мәрте депутаттық сауал жолдаған.

Бұған дейін біз "Барыс" хоккей клубының үш шетелдік ойыншымен келісім-шартты бұзғаны үшін 265 миллион теңге төлегенін және клуб келісімшартты бұзғаны үшін шабуылшы Чейз ДеЛеоға 74,7 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелгенін жаздық

Сондай-ақ "Барыс" барлық легионерлерімен қош айтысқаны да белгілі болды.