АҚШ-тың Миссисипи штаты, Холмс округі мектептерінің бірінде атыс болып, 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сонымен қатар тағы 8 адам жарақат алған.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Футболшылар округ бойынша өткен жарыста мектептің жеңісін тойлап жатқан. Сол сәтте 200-300 адамнан тұратын топқа екі адам оқ жудырған.
НЕ СЕБЕП БОЛҒАН?
Холмс округінің шерифі Уилли Марчтің айтуынша, атыс бірнеше жастың өзара жанжалының нәтижесінде туындаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Шериф полиция күдіктілерді іздестіріп жатқанын айтты. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.