×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Туристер тартамыз»: Қырғызстан мемлекеттік ғимараттарда казино ашпақшы

«Туристер тартамыз»: Қырғызстан мемлекеттік ғимараттарда казино ашпақшы
Фото: economist.kg

Қырғызстанда билік тек жеке ғимараттарда ғана емес, мемлекеттік ғимараттарда да казино ашуға рұқсат бергісі келеді. Шенеуніктердің айтуынша, бұл туристерді тартады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Настоящее время» телеарнасының ақпаратынша, бүгінде түзетулер Парламентке келіп түскен.

Казино туралы заң қабылданған кезде Үкімет бірінші жылы қазынаға миллиардтаған сом түсе бастайды деп мәлімдеген еді. Бірақ олай болмады: ойын субъектілерінен түскен қаражат 100 миллионнан сәл ғана асты. 

Еске салсақ, Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарды ойнауға тыйым салатын заң күшіне енген болатын.

Сондай-ақ елімізде 132 мың адам eGov mobile арқылы өзін құмар ойындардан шектеу қызметін пайдалағанын жазған едік.