×
488.11
530.09
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.11
530.09
5.01

Сеулде қоғамнан жырақ қалған «жалғызбастыларға» арналған тәулік бойғы байланыс орталығы ашылады

22.10.2024, 09:18
Сеулде қоғамнан жырақ қалған «жалғызбастыларға» арналған тәулік бойғы байланыс орталығы ашылады
Фото: en.yna.co.kr

Оңтүстік Корея астанасы Сеул қалалық үкіметі белең алып бара жатқан жалғыздық пен қоғамнан оқшаулану сияқты «әлеуметтік аурулармен» күресетін азаматтар үшін тәулік бойы істейтін байланыс орталығын ашады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МАҚСАТЫ

Қала шенеуніктерінің айтуынша, жоспар адамдардың әлеуметтік оқшаулануға жол бермей, жалғыздық мәселесін ерте кезеңдерде жүйелі түрде шешу арқылы «ешкім жалғыз қалмайтын» қаланы құруға бағытталған.

Осы жоспар бойынша қала келесі жылдың сәуір айында Жалғыздықпен күресетін адамдарға арналған Goodbye to Isolation 120 байланыс орталығының тәулік бойғы қызметі іске қосылғаннан бастап оған бес жыл ішінде 451,3 миллиард вон (329,9 миллион АҚШ доллары) инвестиция құю көзделіп отыр.

«Келесі жылы қала Seoul mind Convenience дүкенін төрт жерде ашады, онда кез келген адам қала шығарған Seoul Ramyeon брендін тамашалай алады. Жалғыздық пен оқшаулану – бұл қоғамда бірлесіп шешілуі керек мәселелер. «Біз «жалғыздықсыз Сеулдің» құрылуына ықпал ету үшін қаланың барлық мүмкіндіктерін жұмылдырамыз» дейді Сеул мэрі о Се Хун.

ЖАПОНИЯДАҒЫ ЖАЛҒЫЗДЫҚ

Оңтүстік Корея, Жапония секілді дамыған Азия елдерінде жалғыздық қатты берең алып келеді.. ВВС-дің дерегінше, Жапонияда 2024 жылдың алғашқы жартысында 40 мыңға жуық адам өзінің үйінде жалғыздықта көз жұмған. 4 мың адамның денесі қайтыс болғанына ай өткеннен кейін, 130 мәйіт жыл өткеннен кейін анықталған.

БҰҰ мәліметтері Жапония қарттар саны жөнінен әлемде бірінші орында екенін көрсетеді. Жапонияның халық саны және оның әлеуметтік қамтылуы туралы ұлттық институты 2050 жылға қарай елде 65 жастан асқан жалғызбасты азаматтар саны 10,8 млн адамға жететінін болжап отыр.

Тууы көрсеткішінің төмендігінен ұлттың қартаю процесі Жапониядан бөлек, Қытай мен Оңтүстік Кореяда да жылдам белең алып келеді.