×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ұсталса өмір бақиға қамалуы мүмкін: Талғарда түрмеден қашқан күдікті табылмай жатыр

22.10.2024, 11:39
Ұсталса өмір бақиға қамалуы мүмкін: Талғарда түрмеден қашқан күдікті табылмай жатыр
Полиция

Полиция қашып кеткен күдіктіні іздеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОЛ НЕ ҮШІН ІЗДЕУДЕ

Алматы облысының полиция департаменті уақытша ұстау изоляторынан қашқаны үшін Талғар ауданы Тереңқара ауылының тұрғыны, 1998 жылы туған Қалмырзаев Бекарыс Сәбитұлын іздеп таппай жатыр. Ол ұсталған жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ер адам зорлау фактісі бойынга күдікті.

– Егер сізде іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат болса, келесі телефондар арқылы дереу полицияға хабарлаңыз: +7 727 727 90 44, +7 777 427 2915, +7 778 900 02 55 немесе 102, – делінген хабарламада.

УАҚЫТША ҰСТАУ ИЗОЛЯТОРЫНАН ҚАШЫП КЕТТІ

Алматы облысының полиция департаменті мәлімдегендей, Талғардағы уақытша ұстау изоляторынан зорлау күдігі бойынша ұсталған күдікті қашып кеткен.

"Уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен ұсталған азамат қашып кетті. Осыған байланысты "Сирена" жоспары енгізілді. Негізгі маршруттарда блок-бекеттер қойылды, және барлық күш пен құралдар қашып кеткен адамды іздеуге және ұстауға бағытталды", – деп хабарлады полиция.

Қашу жағдайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалған.