×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

BTS Digital бұрыннан Ресеймен тығыз жұмыс істейді - сарапшы

06.12.2021, 13:06
Фото: Ашық дереккөзден

Саясаттанушы Азаматхан Әміртай Қазақстанның цифрлық трансформациясына (Data-Driven Government) бірлесе қатысқалы отырған қазақстандық BTS Digital компаниясы мен ресейлік Сбер компаниялар тобына қатысты ойын ортаға салды. Оның айтуынша, аталмыш компанияларды елдің ақпараттық кеңістігіне жолатпау керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан үкіметі мен Сбер компаниялар тобының арасындағы меморандумда Сбер компаниясы «BTS Digital» деген компаниямен жұмыс істейтіні айтылған. BTS Digital компаниясының құрылғанына үш жыл болған. Осы компания туралы не білесіз?» - деп сұрақ қойған еді Ulysmedia.kz порталының тілшісі.

Бұл сұраққа саясаткер былайша жауап берді.

«BTS Digital деген компания Eurasian Resources Group құрамына кіреді. Машкевич, Шодиев, Ибрагимовтардың компаниялар тобына енеді. Ол компания бұрыннан бері Ресеймен тығыз жұмыс істейді. Мен өз басым теміржол саласында еңбек еткен адаммын. Сол салада ERG-ға қарасты ІТ компаниялардың бірде-бір пайдасын көрген емеспін. Миллиардтаған, миллиондаған ақшаны алды. Бірақ пайдасы – нөл. Егер олар тағы біздің электронды үкіметті алатын болса, қазірден бастап айтайын – оның да нәтижесі нөл болады».

Азаматхан Әміртайдың айтуынша, жалпы ERG компаниялар тобында акционерлердің көбі – шетел азаматтары. Сарапшы оларға ақпараттық жүйені беру – мемлекетімізді сатумен тең екенін ескертеді.

«Ол BTS Digital компаниясында мамандар жоқ. Ол жердің бәрінде ақпараттық  бағдарламаларды сататын, терминдерді білетін адамдар отыр. Негізін қалаған мамандар жоқ оларда. Мүлде жоқ. Теміржолдың ақпараттың жүйесінің 90 пайызы Ресейге бағынады. Соны жасаймыз деп олар қанша жоба жасады, миллиардтаған ақша жұмсады – нәтижесі нөл болды. Мен өзім білем. Сондықтан ондай үлкен дәрежеде аналитикалық сараптама жоқ BTS Digital компаниясына беруі – бұл жерде өте қауіпті мәселе бар. Бұл жерде бұлар сыбайлас болып тұр. Мұның бәрін терең тексеру керек. Тексеру емес, тіпті оларды ақпараттық кеңістікке бұларды мүлде жақындатпау керек. Өйткені ақпараттық кеңістікте менің, сіздің, халықтың мәліметі жатыр. Оны шетел азаматтарына беруге болмайды. Оны берген адамдар – мемлекетімізді сатқан адамдар болып саналады», - дейді Азаматхан Әміртай.

Серіктес жаңалықтары