×
488.11
530.09
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.11
530.09
5.01

Қызылордада жыныстық құлдыққа ұшыраған қыздың соты жабық өтеді

24.10.2024, 13:45
Қызылордада жыныстық құлдыққа ұшыраған қыздың соты жабық өтеді
Фото: pixabay.com

Сенат депутаты Марат Қожаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қызылорда облысында жыныстық құлдыққа түскен 16 жастағы қыздық жағдайына түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КІНӘЛІЛЕР ЖАУАП БЕРЕДІ

Ішкі істер министрінің орынбасары болған сенатор дәлел болған жағдайда кінәлілер заңнамаға сәйкес жауап беретінін айтып, сотта қоғамдық резонанс емес, процестік дәлелдер бағаланатынын атап өтті.

"Маған журналистердің логикасын бақылау қызық, сіздер егер шу шығарсақ… Иә, оның пайдасы бар. Бұл алынған дәлелдемелерді процедуралық бағалауға мұқият қарауды ынталандырады, бірақ тағы да айтайын сотта сіздер әлеуметтік желілерде көтеретін шу емес, тек процедуралық дәлелдер бағаланады", – деді ол.

ІС ЖАБЫҚ ӨТЕДІ

Сенатор бұл іске кәмелетке толмағандардың қатысы барын, сондықтан сот олардың мүдделерін қорғау үшін жабық режимде өтетінін айтты.

Журналистер Марат Қожаевтан “қоғамның кінәлілер тиісті жазаға тартылмауы мүмкін деген қорқынышы” туралы не ойлайтынын сұрады. Бұл сұраққа жауап бере отырып, ол тағы да бұқаралық ақпарат құралдарын "жағдайды асықтырады" деп айыптады.

"Жұртшылықта қорқыныш жоқ. Бұл жағдайды, ақпараттық ресурстар – сіздер асықтырасыздар. Менің ойымша, халықтың басым көпшілігі еліміздің құқықтық жүйесіне сенеді", – деді ол.

16 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗДЫҢ ОҚИҒАСЫ

Тамыз айының басында Қызылорда қаласында мектеп оқушысының анасы сыныптастары қызын есірткі қолдануға мәжбүрлеп, күштеп ұстағанын, ақша бопсалап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткенін мәлімдеген. Кейін оқиғаның егжей-тегжейі арнайы өткен брифингте баяндалды. "Не молчи" қоғамдық қорының араласуымен сұмдық деректердің беті ашылды. Сол күні белсенді Айсана Әшім «16 жастағы қызды 1000 еркек зорлағанын» айтып дабыл қақты. Бұдан бұрын оқушыны секс-құлдыққа салған 13 адам бары айтылған. Жәбірленуші қыздың анасы Ulysmedia.kz-ке сұхбат беріп, іс бойынша 200 адам тергеліп жатқанын айтқан.