Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін де айып тағылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОНЫ ІЗДЕУГЕ КІМДЕР АТСАЛЫСТЫ
Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды, сондай-ақ іздеу шараларына қоғамдық көмекшілер, еріктілер мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар белсенді түрде атсалысты.
ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ
Күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жасалған негізгі қылмысқа қосымша қамаудан қашқаны үшін айып тағылады. Полиция іздеу шараларына қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс білдіреді, - делінген хабарламада.
ҚАНДАЙ ЖАЗА КҮТІП ТҰР
Еске сала кетейік, 26 жастағы күдікті 21 қазан күні қашып кеткен еді.
Алматы облыстық Полиция департаменті Талғар ауданы Тереңқара ауылының тұрғыны – 1998 жылы туған Қалмырзаев Бекарыс Сәбитұлы ұсталған жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтқан болатын.