Павлодар облысындағы тасжолда жол апаты болып, бірнеше адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қазанда Омбы-Майқапшағай трассасында Аққулы ауылына жақын жерде МТЗ-82 маркалы трактор мен Lada Granta автокөлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш жолаушы зардап шекті. Көліктер айып тұрағына қойылды, деп жазды pavlodarnews.kz.
52 жастағы әйел мен 5 жасар ер бала аудандық ауруханаға жеткізілді. Ал 11 жастағы қыз алдымен аудандық, кейін жағдайының күрт нашарлауына байланысты медициналық авиациямен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді,– деді облыстық жедел жәрдемнің баспасөз қызметі.
11 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗ КОМАҒА ТҮСТІ
Зардап шеккен қызға жабық бас жарақаты, төменгі жақтың ашық сынуы, бірнеше сүйектің сынуы, ішкі ағзалардың зақымдануы деген диагноздар қойылған.
11 жасар қыз өте ауыр жағдайда комада жатыр. Тиісті емдік шаралар көрсетілуде,– деді облыстық балалар ауруханасы.
Айта кетейік, Полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша тексерісті бастады.