×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Нағыз көмірсу бомбасы – дәрігерлер Дубай шоколадының зиянын айтты

25.10.2024, 19:40
Нағыз көмірсу бомбасы – дәрігерлер Дубай шоколадының зиянын айтты
Ашық дереккөзден

Дәрігерлер жарнамасы жер жарып, әлеуметтік желіде әлемді шарлап жүрген Дубай шоколадының денсаулыққа тигізер зияны жайлы ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҰРЫН-СОҢДЫ ТАТПАҒАН ДӘМ

Бұл тәтті өнім соңғы бірнеше айда үлкен хитке айналды. Блогерлер мен атақты адамдар Дубай шоколадын жеріне жеткізе мақтап, жұртшылықты бұрын-соңды татып көрмеген дәм ретінде қызықтырып жүр.

Бағасы да кез келгеннің қолы жете беретіндей емес. Салмағына, құрамына қарай 30-40 мың теңгеге дейін барған. Қазір жеткізушілердің көбейіп кеткеніне байланысты біршама арзандаған.

КӨМІРСУҒА ТОЛЫ БОМБА

Ал дәрігерлер бұл мақтаулы тағамның адамның дене сымбаты үшін де, жалпы денсаулық үшін де өте қауіпті екенін ескерте бастады. Солардың бірі – токсиколог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Михаил Кутушов Дубай шоколадын нағыз көмірсуға тола бомба деп бағалады.

“Тәтті крем, тәтті шоколад, тіпті қамыр – нағыз көмірсу бомбасы іспетті. Мұндай өнім сізге зардабы мол зиян тигізуі әбден мүмкін”, дейді Михаил Кутушов.

ДУБАЙ ШОКОЛАДЫ НЕДЕН ЖАСАЛАДЫ?

Бұл нәзік шоколад қолдан дайындалады. Оның дәстүрлі құрамы – бельгиялық сүт шоколады, пісте немесе күнжіт пастасы және катаифи қамырынан тұрады. Катаифи қамырының әдеттегі ингредиенттері: су, тұз, ұн, тауық жұмыртқасы. Ол негізгі тағамдарды да, десерттерді де дайындау үшін қолданылады.

ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯНЫ

Бұл шоколадты дәмді әрі тартымды етіп тұрған ингредиенттері көп болғандықтан калориясы да жоғары. Ал кейбір құрамдас өнімдер адамда аллергия тудыруы мүмкін.

«Өкінішке қарай, бір бойжеткеннің Дубай шоколадын бір тістегеннен-ақ аузы қышып, аллергиясы қозған жағдай тіркелді. Кейінірек ол қыз қатты тұншығып, жөтел қысып, тіпті дене қышуының адам төзгісіз ұстамасы пайда болды. Көп ұзамай оның көзі ісіп, кейін ол есін жоғалта бастады. Ісінуін нақты қай ингредиент тудырғанын айту қиын, бірақ бұл жағдай белгісіз құрамы бар шоколадты бақылаусыз тұтынудың қауіптілігін айқын көрсетеді», – дейді дәрігер.

Кутушовтың айтуынша, ерекше тәтті дәм қажетсіз аллергиялық реакцияларды тудырмаса да, тұтынған адам асқазан-ішек жолдарының проблемаларына тап болады.

Әлгіндей аллергияның пайда болуы адам күнделікті аста жиі тұтына бермейтін тағамдардан дайындалған Дубай шоколадын жиі жегеннен екені де айтыла бастады. 

Сондай-ақ дәрігер Дубай шоколады құрамындағы жоғары калория мен май диарея мен күйдіруді және іштің кебу жағдайларын тудыруы мүмкін екенні айтады. Сонымен қатар, тәттіге деген құмарлық салмақ проблемаларын тудырып, тіпті шамадан тыс тәттіліктің қант диабеті бар адамдар үшін қауіпті салдары болуы да бек мүмкін.

Оған қоса бояғыштар мен консерванттар бар екенін ұмытпаған жөн.