Ақтауда қаланың теңіз жақ жағалауын қалпына келтіру жобасын әзірлеу басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері 2019 жылы орнатылған жасанды пальмалар жаңа абаттандыру жобасына кірмейтінін айтты.
Жасанды ағаштар бұрын қыста ауа-райының бұзылуынан қорғау үшін тормен қорғалған, бірақ уақыт өте келе олардың бұтақтары сынып, кейде желмен ұшып кеткен.
Қазіргі таңда пальма ағаштарын қалпына келтіретін материалдар жоқ, сондықтан жергілікті билік оларды қайта құру жоспарынан алып тастау туралы шешім қабылдаған.
Жағалауды жаңарту жобасы жоспарлау сатысында, соңғы өзгерістер аладғы уақытта енгізіледі деп күтіліп отыр.