×
485.11
523.82
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.11
523.82
5.02

Қазақ жігіттері қолдан жүк көлігін құрастырып алды

26.10.2024, 20:35
Қазақ жігіттері қолдан жүк көлігін құрастырып алды
Видео кадры

Ақмола облысында бірнеше жігіт ЗИЛ көлігінің негізінде жүк таситын жаңа техника құрастырып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Автордың айтуынша, көлікті Ақмола облысының азаматтары құрастырған. ЗИЛ ауыр жүк көлігін негізге ала отырып, оған аздаған модернизация енгізген.

Сондай-ақ автор әр отбасын асырайтын осындай бір көлік болса деген ой білдіреді. 

“Қазақтың жігіттері құрастырған екен. Әлгі #утильсбор деп бажылдап жүргендер осындай қазақтың қолынан іс келетін жігіттерінің басын қосса, бірдеңе болар еді. Әйтпесе темір кузовты свәркілей алмай жатқандарын көріп, мыналардың көлігіне мінуге қорқады екенсің. Жүзбен келе жатып екіге бөлініп кетсе тағы”, деп пост авторы әзіл-шыны аралас ойын да қоса жазыпты.

Ал желі қолданушылары көлік құрастырған жігіттерге ризашылық білдіріп, сәттілік тілеп жатыр.

“Мықты жігіттер жетерлік. Шашылып, қирап жатқан газельдерді жөндеп, тойота, лексус, бмв моторын салып, эвакуатор жасап, шәй-пұлдарын ажыратып жүр”, дейді Нұрым Жолтай есімді желі қолданушы.