×
485.11
523.82
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.11
523.82
5.02

Баланы ұшаққа отырғызбай қойған: «Эйр Астана» сотта жеңіліп қалды

Бүгін, 21:25
Баланы ұшаққа отырғызбай қойған: «Эйр Астана» сотта жеңіліп қалды
Ашық дереккөзден

Орал қаласының 12 жасар тұрғыны Зерені Астана әуежайында қалдырған оқиға бойынша сот отырысы аяқталып, қыздың отбасының пайдасына шешім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МОРАЛЬДЫҚ ШЫҒЫН ТӨЛЕУГЕ МІНДЕТТІ

Сот Air Astana әуе компаниясын Зеренің анасына моральдық шығын ретінде бес миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді, деп мәлімдеді отбасының адвокаты Данильхан Шагатаев.

НЕ ЖАҒДАЙ

Оқиға 2024 жылдың 21 шілдесінде болған. Зере мен оның егіз қарындасы Астана – Орал бағыты бойынша ұшып, ата-анасына оралуы тиіс болған. Алайда “FlyArystan” компаниясының ұшағын ауыстыруына байланысты орын жетіспей, Зере рейске жіберілмей қалды. Оның орнына 19 және 20 шілде күнгі рейстерден қалған жолаушылардың бірі отырғызылған.

Әуе компаниясы қызды қонақүйге орналастыруды ұсынғанымен, анасы оны жалғыз қалдырудан бас тартты. Кейіннен Зереге туысы келген соң, әуе компаниясының қызметкерлері оны рейс жолаушысы болмағандықтан қонақүйге орналастырудан бас тартты.

СОТҚА ЖҮГІНДІ

Отбасы әділеттілік пен кәмелетке толмаған жолаушылардың құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінді. Сот олардың талабын қолдап, овербукинг фактісі мен кәмелетке толмаған жолаушымен дұрыс қарым-қатынас жасалмағанын растады. Адвокаттың айтуынша, азаматтық авиация комитеті осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін түзетулер енгізуді қолға алды.

“Air Astana” компаниясы сот шешімімен келіспесе, апелляция беру мүмкіндігіне ие.