×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Аса ірі көлемдегі алаяқтық. Күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды

29.10.2024, 10:40
Аса ірі көлемдегі алаяқтық. Күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды
ctc-rk.kz

Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қырғыз Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Күдікті 2023 жылы Алматыда желдетуге арналған бөлшектер мен кондиционерлерді жеткіземіз деген сылтаумен кәсіпкердің 75 миллион теңгеден астам қаржысын жымқырған.

Қылмыс жасағаннан кейін алаяқ қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған.

ЭКСТРАДИЦИЯЛАУ

Биылғы мамыр айында ол Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланған.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін Астанада халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталған. Ол 2022 жылдың қыркүйек айында Ташкент қаласында жергілікті тұрғынды Chevrolet Lacetti автокөлігін алып беремін деп алдап, 12 мың долларын иемденген. Алаяқ өз қажетіне жұмсап жіберген ақшаны қайтармай, қылмыстық жауапкершіліктен жасырыну үшін Қазақстан аумағында бой тасалаған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.