×
522.49
547.88
5.06
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.49
547.88
5.06

E-Qurylys: жеке компания неге кәсіпкерлерден ақша жинайды

29.10.2024, 12:31
E-Qurylys: жеке компания неге кәсіпкерлерден ақша жинайды
ашық дереккөзден

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевитан E-Qurylys жүйесі бойынша құрылыс компанияларының иелері не себепті жеке компанияға жарна төлеуге міндеттеліп отырғаны сұралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚША ҚАЙДА ЖҰМСАЛАДЫ

– Е-құрылыс жүйесі не үшін құрылды? Жыл сайын компанияларды не себепті ол жүйеге жарна төлеуге міндеттеп отыр. Жүйеге жауапты жеке компанияға жүздеген миллион қаражат жиналып жатқаны туралы ақпарат бар. Сол ақша қайда жұмсалады? – деп сұрақ қойылды Шарлапаевқа.

Бұл сұраққа жауап берген Қанат Шарлапаев Е-құрылыс жүйесінің басты мақсаты – бүкіл құрылыс жұмыстарын цифрландыру екенін айтады. 

– Осы мақсатта министрлік тарапынан үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Жеке компания жайлы бірнеше депутат сұрақ қойды. Комитет басшысы, құрылысқа жауапты вице-министр бүкіл мәселені депутаттарға түсіндірді, – дейді ол.

“ТЕКСЕРЕМІЗ, ҚАДАҒАЛАЙМЫЗ”

Қанат Шарлапаевтың айтуынша, басқа компанияларға осы жүйеге кіруге ешқандай кедергі жоқ. “Цифрлық жүйеге ашық түрде баршаңыз кіре аласыздар. Ешқандай проблема жоқ” дейді ол.

– Мемлекет тарапынан үлкен жобалар бар. Мысалы “Жайлы мектеп” бар, ауылдарда медициналық нысандар салынып жатыр. Осы жұмысты негізі меніңше, цифрландыру өте жақсы мәселе. Бізге ол керек. “Жайлы мектеп” мәселен өте көп. Ауылдың медициналық нысандары да. Бүкіл жұмысты тексеру, бақылауды тек цифрландыру арқылы іске қосамыз. Басқа құралдар жоқ. Бір компания осы бағытқа жұмыс істеп жатыр. Бірақ басқа компанияларға ол жүйені пайдалануға еш кедергі жоқ, – дейді ол.

Министр үлкен мердігерлер қосылса, жүйемен тікелей байланыса алады. 

– Меніңше, бұл қазір мәселе емес. Цифрландыру арқылы ұлттық жобаларды жақсы бағалап, қадағалаймыз, – дейді ол.

Қанат Шарлапаев бұл жүйе құрылыс компанияларына тегін қызмет көрсетпейтінін білдірді. “Тегін нәрсе жақсы бола ма? Сапамен қамту ешқашан тегін болмайды, ең басты ашық бәселекестік болуы керек” дейді Шарлапаев.

МӘСЕЛЕ ҚАЙДАН ТУЫНДАДЫ

Қазақстанның құрылыс компаниялары мемлекеттік қызметтерге қол жеткізгені үшін жеке компанияға жарна төлеуден бас тартып жатқаны бұған дейін БАҚ-та хабарланған еді. Мұның мән-жайына кейін ҰКП, Бәсекелестікті қорғау агенттігі және депутаттық корпус өкілдері назар аударған. Мәселен, мемлекеттік сатып алу порталында құны жылына 1 АЕК-тен басталатын түсінікті әрі бекітілген тарифтеу жүйесі бар. Ал бұл – нақты баламасыз ақпараттық жүйеде сметалық құны миллиард теңгеден асатын әрбір құрылыс объектісі үшін ай сайын 50 мың теңгеден, құны миллиард теңгеден асатын нысан үшін 75 мың теңге, құны 10 млрд теңгеге дейінгі объект үшін 100 мың теңге төлеу қажет. Егер құрылыс объектісі одан да қымбат болса – ол бойынша техникалық құжаттаманы тапсыру құны жеке есептеледі. “Бұл салық төлеушілерден есеп бергені үшін ақы талап етумен бірдей” деп баға береді жүйеге депутат Болатбек Әлиев.