Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, бүгінде ықтималды вендорлармен алдын ала консультациялар басталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘЛІМДЕМЕ
"Арнайы комиссия құрылады, ол конкурстық процестің барлық қатысушыларымен ашық бәсекелестік диалог рәсімін бастайды. Алдын ала консультациялар басталды. ҚХР-ға, Корея Республикасына сапарлар өтті, біз қазірдің өзінде ықтималды вендорларымыздан нақты жауаптар алғымыз келетін бағыттарды айтамыз. Олар қарапайым – электр энергиясының құны, құрылыс, аяқталу кепілдігі, қауіпсіздік мәселелері, әлеуметтік пакет, отын өндірісін оқшаулау… Комиссия мәселені энергетикалық кеңесте қарау үшін өз ұсыныстарын дайындайтын болады", – деді Сәтқалиев.
АЭС РЕФЕРЕНДУМЫ
6 қазанда Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өтті. Оған сай, жалпы дауыс берушілердің 71,12 пайызы бастаманы қолдаған.
ҮКІМЕТ ШОРТ-ЛИСІ
Үкімет АЭС салу мәселесінде 4 ел – Корея, Ресей, Қытай, Франция елдерінің технологияларын зерделеп жатқанын хабарлаған.
ТОҚАЕВ НЕ ДЕЙДІ
Референдумда дауыс берген кезінде ел президенті "АЭС-ті қай ел салады" деген сұраққа үкімет мәселе бойынша нақты талдау жасап, келіссөздер жүргізу керек екенін атап өткен.
Үкімет АЭС салынатын орын ретінде Алматы облысы Балқаш көлінің маңындағы Үлкен ауылын белгілеп отыр