×
491.7
531.28
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.7
531.28
5.07

Ұлттық қор: Сүлейменов Тоқаев берген тапсырманың орындалмай қалу қаупі барын айтты

Бүгін, 14:10
Ұлттық қор: Сүлейменов Тоқаев берген тапсырманың орындалмай қалу қаупі барын айтты
Ulysmedia коллажы

Үкіметтің қазіргі жұмыс қарқынымен Ұлттық қорды 2030 жылға дейін 100 млрд долларға жеткізуге болады дегенге сенесіз бе? Ulysmedia.kz тілшісі бұл сұрақты мәжіліс кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке қойды.

СҮЛЕЙМЕНОВ НЕ ДЕЙДІ

– Өте өзекті мәселе. Әрине, ол бірнеше факторларға негізделген. Ең біріншіден, түсімдер мен алымдар балансы. Түсім аз, алынып жатқан ақша көп екеніне. Тек инвестициялық табыстың арқасында жалпы сомасы өсіп жатыр. Сондықтан, салық кодексінің аясында жаңа әрі батыл шешімдер болмаса, онда осындай қауіп бар, – дейді ол.

ТАҒЫ ДА ТРАНСФЕР

Бүгін премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров парламентке 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын таныстырған. Ол бойынша алдағы үш жылда Ұлттық қордан 2 трлн теңгеден алу көзделген. Осы отырыста Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұнайға жатпайтын тапшылықтың жоғары күйінде қалғанын, жалпы тапшылықты жабу үшін бюджет – ұлттық қордың трансферттеріне сүйенетінін айтқан болатын.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қорды 2030 жылға дейін 100 млрд долларға жеткізуге тапсырма берген еді.