×
488.45
529.19
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.45
529.19
5.04

"Бәйтерек" холдингінің қызметкерлері жылына 4 рет сыйақы алатын болып шықты

Бүгін, 10:07
"Бәйтерек" холдингінің қызметкерлері жылына 4 рет сыйақы алатын болып шықты
Коллаж Ulysmedia.kz

Кеше мемлекетттік қызметкерлердің сыйақы алу мәселесіне шектеу қойылатыны хабарланды.Ulysmedia.kz тілшісі осы ретте бұл ұлттық компанияларға қаншалықты қатысты екенін білу үшін "Бәйтерек "холдингінің басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі Рустам Қарағойшиннен биыл сыйақы бөлуге қанша қаражат қарастырылып отырғаны, өзі қанша сыйақы алатынын сұрады.

Ұлыс тілшісі мен Рустам Қарағойшиннің диалогы төмендегідей өрбіді:

- Сыйақы деген не ол?

- Премия.

- Бізде сыйақы деген жоқ.

- Премия деп айтайықшы.

- Премия деген бізде қызметкерлерге бар, тоқсан сайын. Сосын жылдың аяғында жалғыз акционердің шешіміміен болады. Бізде ондай сыйақы болған жоқ, неге десеңіз жылдың қорытындысы 2025 жылдың мамыр айында шығарылады. Аудит, есептер біткеннен кейін…

- 2023 жылдікін айта аласыз ба?

- 2023 жылдікін дәл айта алмаймын, оны есептен оқисыз, есепте оның бәрі жазылады.

- Қызметкерлердікін білмейді екенсіз, онда өзіңіздікін айта аласыз ба?

- Тоқсан сайын өздерінің несін беріп тұрады.

- Өзіңіздікін айта алмайсыз ба?

- Менікін айта алмаймын, неге десеңіз мен 2024-те келдім ғой, мен әлі алған жоқпын.

- Сіз жыл бойы әлі алған жоқсы ба?

- Жоқ, мен 24-те келдім ғой, ақпанда.

- Жақсы, рахмет

РУСТАМ ҚАРАҒОЙШИН

Рустам Қарағойшин «Бәйтерек» холдингінің басшысы болып 2024 жылғы 9 ақпанда тағайындалған. Ол бұған дейін 2021 жылдан бастап жеке секторда әртүрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан 2021 жылға дейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды, оның ішінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2019 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС Бас директоры, 2015 жылдан 2019 жылдың ақпан айына дейін «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Рустам Қарағойшин Forbes 2023 нұсқасы бойынша Қазақстанның беделді 50 бизнесменінің қатарына кірген.

“Бәйтерек” –  2013 жылы ұлттық даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру үшін құрылған холдинг. Жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі.