×
484.78
558.66
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.78
558.66
6.6

ERG Үкіметке төлеген дивидендті өзі қайтып алды ма?

Бүгін, 10:28
ERG Үкіметке төлеген дивидендті өзі қайтып алды ма?
Фото: check-point.kz

Үкімет Eurasian Resources Group компаниясынан алған дивидендтердің бір бөлігін оның кредиторы болып саналатын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне аударған. Бұл туралы холдингтің қаржылық есебінде айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

qazba.kz жазуынша, ERG-тен түскен дивидендтер «Бәйтерекке» берілген.

«2025 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Холдинг мемлекеттен Eurasian Resources Group S.A. компаниясынан алынған 320 млн АҚШ доллары көлеміндегі дивидендті (166,9 млрд теңге) операциялық қызметті қаржыландыру мақсатында алды және бұл соманы акционермен жасалған өзге операциялар ретінде қосымша төленген капитал құрамында таныды», – делінген қөұжатта.

Айта кету керек, «Бәйтерек» құрамындағы Қазақстанның даму банкі (ҚДБ) ERG тобының негізгі кредиторларының бірі.

Мемлекет қанша дивиденд алды?

2025 жылы Қазақстан үкіметі ERG компаниясынан 2021–2022 жылдар үшін 365 млн АҚШ доллары көлемінде дивиденд алған. Оның 320 млн доллары «Бәйтерекке» берілгендіктен, қалған бөлігі басқа мақсаттарға жұмсалған болуы мүмкін.

ҚДБ ERG жобаларын қалай қаржыландырды?

Соңғы жылдары ҚДБ ERG құрамындағы кәсіпорындарға бірнеше ірі несие берген:

2022 жылы Қазхром компаниясына Хромтаудағы Дон кен-байыту комбинатының қалдықтарын өңдеу фабрикасын салуға 77,5 млн доллар бөлінді;

2024 жылы Қазақстан электролиз зауыты үшін қуаты 150 МВт болатын «Хромтау» жел электр станциясын салуға 1,029 млрд қытай юані көлемінде несие берілді;

2010 жылы осы зауытқа бастапқы алюминий өндіру жобасы үшін 400 млн доллар бөлінген;

2018 жылы Еуразиялық энергетикалық корпорация компаниясына №5 электр станциясы мен «Восточный» көмір кенішін жаңғыртуға 360 млн доллар қарыз берілді;

2014 жылы Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытын кеңейту жобасы қаржыландырылды.

Сондай-ақ 2025 жылдың ақпанында ҚДБ ERG-ге Қостанай облысында жылына 2 млн тонна ыстықтай брикеттелген темір өндіретін зауыт салу үшін 600 млн доллар несие беретіні хабарланған. Жобаның жалпы құны 1,2 млрд доллар деп бағаланған.

Бұл жерде мемлекет ERG-ден алған 320 млн доллар дивидендті «Бәйтерекке» берді, ал «Бәйтерек» кейін сол қаражаттың бір бөлігін ERG жобаларын қаржыландыруға жұмсауы мүмкін бе деген сұрақ туындайды.

Материал авторы мұны қаржылық есептерден нақты анықтау мүмкін емесін айтады. Алайда мемлекет, даму институты және ірі өнеркәсіптік компаниясы арасындағы қаржылық байланыстардың тығыз екені анық байқалады.

ERG қаржылық жағдайы қандай?

2025 жылғы қаржылық нәтижелер бойынша ERG құрамындағы көптеген кәсіпорындар табыспен жұмыс істеген:

  • Қазхром – 136 млрд теңге пайда;
  • Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі – 22,4 млрд теңге;
  • Шұбаркөл Көмір – 46,6 млрд теңге;
  • Еуразиялық энергетикалық корпорация – 74,3 млрд теңге;
  • Қазақстан Алюминийі – 15 млрд теңге.

Топтың өзі 2024 жылы шамамен 1 млрд доллар көлемінде бухгалтерлік шығын көрсетсе, 2025 жылы 220 млн доллар таза пайда тапқан.

Серіктес жаңалықтары