×
488.11
530.09
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.11
530.09
5.01

«Менде премия жоқ»: министр Мәдиев қанша айлық алатынын ашып айтпай қойды

31.10.2024, 10:53
«Менде премия жоқ»: министр Мәдиев қанша айлық алатынын ашып айтпай қойды
primeminister.kz

Мемлекеттік қызметкерлерге берілетін сыйақы мөлшерінің қысқаратыны кешелі бері көп талқыланып жатыр. Осы ретте Ulysmedia.kz тілшісі цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрінен қанша сыйақы әрі айлық алатынын сұрап көрді.

ТОЛЫҒЫРАҚ  

Министр Жаслан Мәдиевтен ведомство қызметкерлері қанша мөлшерде сыйақы алатыны сұралған. Оның айтуынша, қазір цифрлық даму министрлігінде мұндай төлемдер қарастырылмаған.

Министр өзінің сыйақыларының мөлшері туралы сұрақтан жалтаруға тырысты.

– Бізде қазір қосымша бонустар қарастырылмаған, – деді ол.

Портал тілшісі сұрақты министрге қайта қойған. 

– Менде премия жоқ. Мен сіздің жалақыңызды сұрап жатқан жоқпын ғой. Менің айлығым басқалардыкінен ерекшеленбейді. Басқа министрлердің айлығындай, – деді Мәдиев.

СЫЙАҚЫ ЖАЙЛЫ

Қаржы министрі Мәди Тәкиев мемлекеттік қызметкерлерге бұдан былай сыйақы берілмейтінін кеше айтқан еді. Қаржы министрлігі осы ретте кейін түсіндірме берген. Ресми мәліметке сүйенсек, 2024 жылға арналған республикалық бюджетті орындау бойынша мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне сәйкес сыйақыны үнемдеу бағыттарына кейбір шектеулер қойылғаны рас. Алайда сыйақы беруге байланысты жоспарланған қаражат қысқартылмайды. «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстаның органдарының қызметкерлеріне сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» №1127 қаулысына сәйкес, тек белгілі бір үнемдеу болған жағдайда ғана қаражат сыйлықақыны тағайындауға және тиісті жетістіктер болған кезде ғана жіберілуі мүмкін.