×
$
451.87
€
507.31
₽
5.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
451.87
€
507.31
₽
5.53

Қазақстанда 15 қарашадан бастап тағы бір тасжол ақылы болады

Бүгін, 10:49
Қазақстанда 15 қарашадан бастап тағы бір тасжол ақылы болады
ҚазАвтоЖол

Көлік министрлігі республикалық маңызы бар Қандыағаш – Мақат тасжолында ақылы жол енгізу туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді. Құжатқа сәйкес, ақылы учаске шамамен 90 шақырымға ұзарады. Жол ақысын жүк көліктері мен автобустар ғана емес, жеңіл автокөлік иелері де төлейді. Жаңа ережелер 2026 жылғы 15 қарашадан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жеңіл көліктерге арналған тарифтер

Өзгерістер күшіне енген күннен бастап жеңіл автокөліктер үшін бүкіл ақылы учаскеден өту құны:

  • Кейін төлеу – 0,0639 АЕК (2026 жылы 276 теңге);

  • Алдын ала төлеу – 0,0554 АЕК (239 теңге).

Жеңіл көлік иелеріне тек жылдық абонемент қарастырылған. Оның құны – 1 АЕК (4325 теңге). Бұл көлік түріне айлық абонемент берілмейді.

Автобустар мен жүк көліктеріне арналған тарифтер

Қалған көлік түрлері үшін жол ақысы жүк көтергіштігі мен сыйымдылығына қарай есептеледі:

  • 16 орынға дейінгі автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: кейін төлеу – 0,7179 АЕК (3105 теңге), алдын ала төлеу – 0,6114 АЕК (2644 теңге).

  • 32 орынға дейінгі автобустар мен 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері: кейін төлеу – 1,4465 АЕК (6256 теңге), алдын ала төлеу – 1,2313 АЕК (5325 теңге).

  • 32 орыннан көп автобустар мен 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері: кейін төлеу – 2,1686 АЕК (9379 теңге), алдын ала төлеу – 1,8427 АЕК (7970 теңге).

  • 10–15 тонна жүк көліктері: кейін төлеу – 2,8972 АЕК (12 530 теңге), алдын ала төлеу – 2,4626 АЕК (10 560 теңге).

  • 15 тоннадан ауыр жүк көліктері, соның ішінде тіркемесі бар ершікті тартқыштар: кейін төлеу – 3,6172 АЕК (15 644 теңге), алдын ала төлеу – 3,0761 АЕК (13 304 теңге).

Коммерциялық көлікке арналған абонементтер

Автобустар мен жүк көліктеріне айлық және жылдық абонементтер қарастырылған. Айлық абонемент құны жүк көтергіштігіне қарай 1–5 АЕК аралығында болса, жылдық абонементтер 12–60 АЕК тұрады.