Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, кейінгі кезде журналистер тарапынан осы сұрақ жиі қойылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Бұл норма «Неке және отбасы туралы» кодекспен реттеледі. Әділет министрлігі ел азаматтарының аты, тегі, әкесінің атын өзгерту туралы арнайы статистика жүргізбейді. Алайда біздің мәліметімізше жыл сайын орта есеппен 12 мың адам аты-жөніне өзгерістер енгізеді. (Мысал) Сонымен бірге, «Неке және отбасы туралы» Кодексте жеке тұлғаның тегін «тегі», «ұрпағы», «немересі», «шөбересі», «келіні» және т.б. сөздерді қосып жазуға жол берілмейді деп бекітілген, – дейді Талғат Уәли.
Жалпы Қазақстан азаматтары заң бойынша өз есімін өзгерте ала ма? Өзгертуге құқылы болса, оның әрекет алгоритмі қандай болуы керек? Әділет министрлігі Ulysmedia.kz порталының осы сауалынабұрын жауап жолдаған еді.
– Заңға сәйкес, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстырғысы келетін адамның жеке өтініші бойынша жүргізеді, – делінген жауапта.
Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы кодекс бабында есімін өзгерту үшін негіздердің толық тізімі келтірілген.