×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АШМ Ресейдің «Қазақстан алаяқтық жасады» дегеніне жауап берді

31.10.2024, 16:16
АШМ Ресейдің «Қазақстан алаяқтық жасады» дегеніне жауап берді
ашық дереккөз

ҚР АШМ Агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті Россельхознадзордың айыптауларын негізсіз деп санайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті Россельхознадзордың мәлімдемесінде айтылғандай, ЕАЭО аумағында өсімдік шаруашылық өнімдерін бақылаусыз жылжыту үшін «көлеңкелі тәртіпті» ұйымдастыру үшін ешқандай шаралар қолданбаған. Фитосанитарлық сертификаттарды беру – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №15-08/590 «ҚР аумағын карантин нысандарынан және жат түрлерден қорғау ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен қатаң реттелген мемлекеттік қызмет” – делінген мекеме жауабында.

Сонымен қатар, ресми жауапта фитосанитарлық сертификаттарды алу кезінде карантинге жататын өнімдерді «жалған» компанияларға рәсімдейтін Қазақстанда алаяқ компаниялар мәселесі бар екені айтылған. 

«Жалған» компаниялардың болуы тек Ресей үшін ғана емес, Қазақстан үшін де өзекті, өйткені біздің елімізге ЕАЭО мүше мемлекеттерінен импорттаушылардың мекен-жайына өнімдер әкелінеді, олар өздеріне импорт жүргізіліп жатқанын білмейді. Алайда бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында шешу мүмкін емес екенін ескеру қажет, бұл мәселені ЕЭК деңгейінде шешу қажет – делінген жауапта.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Ресей шекарадан азық-түлік өткізген кезде Қазақстан тарапынан жасалатын «алаяқтық» туралы мәлімдеме жасағаны туралы жазғанбыз.