×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Жыл басынан бері жүк тасымалдау қызметі 3,8% қымбаттаған

31.10.2024, 18:55
Жыл басынан бері жүк тасымалдау қызметі 3,8% қымбаттаған
Коллаж

Жыл басынан бері қаңтар-қазан аралығында жүк тасымалдау тарифтері 3,8% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Статистика бюросының мәліметінше, автотасымалдау құны 1,6%-ға қымбаттаған. Автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау 1,3%, ішкі автотасымалдар – 1,8% өскен.

Әуе жүк тасымалы жыл басынан бері 2% қымбаттады, оның ішінде халықаралық жүк тасымалы 2,3%, республикаішілік әуе жүк тасымалы 1,4% қымбаттады.

Халықаралық қатынаста теңіз жүк тасымалы тарифтері 9,1% өсті.

Сонымен қатар құбыр арқылы тасымалдау 2,4% қымбаттады, оның ішінде шикі мұнайды жеткізу тарифтері 4,1% көтерілді.

ТАҒАЙЫНДАУ

Сондай-ақ ұлттық статистика бюросы басшының жаңа орынбасары тағайындалды.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып Фархат Қалиев тағайындалды. Ол бұған дейін бюроның деректер сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған.