×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Бюджет донорлары: 2023 жылы ірі салық төлеген алпауыттар кімдер

01.11.2024, 15:46
Бюджет донорлары: 2023 жылы ірі салық төлеген алпауыттар кімдер
Ulysmedia/ЖИ

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік бюджетіне түсімдер 18,9 триллион теңгеге жетті – бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,4% артық. Негізгі ағын, әдеттегідей, мұнай секторына тиесілі. Төмендегі материалда 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ірі салық төлеушілері түзілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОП-5

Finprom.kz порталының мәліметінше, топ-5 салық төлеушілердің қатарында тау-кен өнеркәсібі компаниялары бар.

Бірінші орын ТШО (Теңізшевройл) компаниясына тиесілі: өткен жылы компания бюджетке 3,7 триллион теңге аударды.

Екінші орында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» –  978 миллиард теңге аударған

Үшінші орынға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ы шықты – 319,6 миллиард теңге.

Одан кейін «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС және «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В.» филиалдары жайғасқан – 259,3 миллиард және 204,4 миллиард теңге сәйкесінше.

Атап өту керек, аталған бес компанияның төртеуі салық түсімдерін едәуір азайтқан: ТШО-да сома 17,8%-ға, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б. В.» – 30,1%-ға, «Маңғыстаумұнайгаз» – 26,5%-ға, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н. В.» филиалында – 14,5%-ға төмендеген. Бұл тенденция 2023 жылы мұнай секторына тән.

ТОП-15

Жетекші бестіктен бөлек Қазақстанның 2023 жылғы ең ірі салық төлеушілері арасында топ-15-ке мыналар кірді:

• «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – 203 миллиард теңге;
• «Өзенмұнайгаз» АҚ – 198,1 миллиард теңге;
• «ПетроКазаҚстан Ойл Продактс» ТШО – 178,3 миллиард теңге;
• «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС – 170,5 миллиард теңге;
• «Азиатский Газопровод» ЖШС – 167,8 миллиард теңге;
• «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС – 159,5 миллиард теңге;
• «Джей Ти Ай Қазақстан» ЖШС – 157,5 миллиард теңге;
• «Атырау мұнай өңдеу зауыты»  ЖШС – 152,5 миллиард теңге;
• «Эмбімұнайгаз» АҚ –  145,9 миллиард теңге;
• «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС – 139,2 миллиард теңге.

ТОП-50

Жалпы алғанда топ-50-ге кірген кәсіпорындар экономикадағы төмендегі салалардан:
• тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді игеру – 23 компания;
• өңдеу өнеркәсібі – 9 компания;
• көтерме және бөлшек сауда – 7 компания;
• ақпарат және байланыс – 3 компания (мобильді байланыс операторлары);
• қаржы және сақтандыру қызметі – 3 компания (ҚР ЕДБ);
• көлік және сақтау – 3 компания;
• кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 компания («ҚазМұнайГаз ҰК АҚ»);
• құрылыс – 1 компания (өндірістік секторда жұмыс істейтін).