×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жамбыл облысының прокурорлары жауапкершілікті күшейту шараларымен алименттерді өндіруге қол жеткізуде

01.11.2024, 15:37
Жамбыл облысының прокурорлары жауапкершілікті күшейту шараларымен алименттерді өндіруге қол жеткізуде
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Полицияның, әділет органдарының және жеке сот орындаушылар палатасының борышкерлерге қатысты мәжбүрлеу шараларын қабылдау бойынша тиісті өзара әрекеттесудің жоқтығын прокуратура атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осыған байланысты борышкерлерді қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тарту түріндегі жазалардың бұлтартпастығы талаптарын күшейту шаралары қолдау тапты.

Мысалы, прокурорлардың араласуынан кейін алимент өндіру туралы сот актілерін орындамағаны үшін 73 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 8 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бұл 15 млн теңгеге жуық алимент берешегін борышкерлерден өндіруге мүмкіндік берді.

Осы шаралардың тиімділігін ескеріп, облыс прокуроры мүдделі органдар арасында олардың жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған меморандум жасасуды ұсынды.